Жыл басынан бері Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 6,33 миллиард долларға жетті. Көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 62 пайызға артқан. «Арадағы экспорт пен импорт көлемі де өсті», - дейді мамандар.
Қазір Түркия еліміздің сауда серіктестерінің тізбегінде 4-ші орында. Республикамыздан көбіне ауыл шаруашылығы, өңделген және шикізаттық өнімдер, сондай-ақ мыс пен шикі мұнай экспортталады. Ал Түркиядан бізге құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек, көлік және механикалық құрылғылар мен мұнай өнімдері импортталады.
Тегтер #Қазақстан #Түркия #тауар айналымы #доллар #экспорт #импорт #саудаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz