Қазақстан мен Түркия тауар айналымы 62,1% артты
Жыл басынан бері Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 6,33 миллиард долларға жетті. Көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 62 пайызға артқан. «Арадағы экспорт пен импорт көлемі де өсті», - дейді мамандар.
Қазір Түркия еліміздің сауда серіктестерінің тізбегінде 4-ші орында. Республикамыздан көбіне ауыл шаруашылығы, өңделген және шикізаттық өнімдер, сондай-ақ мыс пен шикі мұнай экспортталады. Ал Түркиядан бізге құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек, көлік және механикалық құрылғылар мен мұнай өнімдері импортталады.