ChatGPT нейрожелісін жасаған OpenAI қоғамдық биржаға шығуға дайындалып жатыр. Компания АҚШ-тағы құнды қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияға тиісті өтінішін берді. IPO өткізудің ресми мерзімі әзірге нақтыланған жоқ. Сарапшылардың бағалауынша, OpenAI-дың құны триллион долларға жетуі мүмкін. Компанияның қазіргі құны 850 миллиард долларға бағаланып отыр. «Қоғамдық сауда алдағы қыркүйек айына белгіленіп отыр», - деп хабарлайды «Рейтер».
Тегтер #Hi Tech #OpenAI #ChatGPT #IPO #биржа #құнды қағаз #компания #комиссия #доллар #РейтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz