OpenAI биржаға шығуға дайындалып жатыр
ChatGPT нейрожелісін жасаған OpenAI қоғамдық биржаға шығуға дайындалып жатыр. Компания АҚШ-тағы құнды қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияға тиісті өтінішін берді. IPO өткізудің ресми мерзімі әзірге нақтыланған жоқ. Сарапшылардың бағалауынша, OpenAI-дың құны триллион долларға жетуі мүмкін. Компанияның қазіргі құны 850 миллиард долларға бағаланып отыр. «Қоғамдық сауда алдағы қыркүйек айына белгіленіп отыр», - деп хабарлайды «Рейтер».