Пәтер аламыз деп 35 адам алданған. Астанада «Qyran» тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату кезінде алаяқтық жасаған төрт адам сотталып, 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тергеу жүргізді. Нәтижесінде алаяқтардың сатып алып-сатуда құйтырқылық жасағанын анықтады. Жәбірленушілер төлемді қолма-қол да, алаяқтардың жеке шоттарына да аударған. Аяғында «баспаналы боламыз» деп бөркін аспанға атқан жандарды сан соқтырған. Тіпті сатудан түскен ақша компанияның кассасына түспеген.
Тегтер #пәтер #алаяқ #сот #Qyran #тұрғын үй #бас бостандығы #Stop алаяқPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz