Пәтер сатқан алаяқтар сотталды

Пәтер аламыз деп 35 адам алданған. Астанада «Qyran» тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату кезінде алаяқтық жасаған төрт адам сотталып, 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тергеу жүргізді. Нәтижесінде алаяқтардың сатып алып-сатуда құйтырқылық жасағанын анықтады. Жәбірленушілер төлемді қолма-қол да, алаяқтардың жеке шоттарына да аударған. Аяғында «баспаналы боламыз» деп бөркін аспанға атқан жандарды сан соқтырған. Тіпті сатудан түскен ақша компанияның кассасына түспеген. 

Сондай-ақ оқыңыз: