Қазақстанға ең көп инвестиция құйған елдердің бірі – Америка. Ұлттық банктің мәліметінше, 1993 жылдан бері АҚШ-тан біздің елге 61 млрд доллар тікелей инвестиция тартылған. Нәтижесінде соңғы 5 жылда өзара сауда көлемі екі есе артып, 4,2 млрд доллар болды. Осылайша екі ел арасындағы алыс-беріс арада жорға жүрерлік деңгейге жетті. Бірақ жеткен жетістікке тоқмейілсімей, қос ел сауда-экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға бейілді.
Тегтер #Іс жүзінде #Қазақстан АҚШ #экономикалық байланыс #инвестиция #Финляндия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz