Енді кәсіпкердің жылдық табысы 40 млн теңгеден асса, онда ол қосымша құн салығын төлеуге міндеттелуі мүмкін. Бұрын бұл меже 78 млн теңге болатын. Ал ақылы медициналық қызметтерге 10% қосымша құн салығын салу көзделіп отыр. Салық кодексіндегі тиісті өзгерістерді Мәжіліс мінберінен қаралып мақұлданды. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер салықтан толық босатылмайды. Сондай-ақ жылдық табысы 33,4 млн теңгеден асатын азаматтар, табысының 15 пайызын салыққа төлеуі мүмкін. Құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелеріне де, ұлғайтылған салық салу қаралып жатыр.
Тегтер #хабар24 #Заң бойынша #салық #қоғам #бизнес #кәсіпкерлерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz