Қазақстан Ауғанстанға 36 гуманитарлық көмек вагонын жіберді.
Президент тапсырмасымен жолданған көмек Балх провинциясындағы Хайратон станциясында ауған тарапына табысталды. Жалпы көлемі 2,2 мың тонна жүк теміржолмен жеткізілді. Онда азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар бар. Ал дәрілік заттары бар гуманитарлық көмектің бір бөлігі ұшақпен жіберіледі. Қазақстанның Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасовтың айтуынша Қазақстан екі ел арасындағы достық, сауда-экономикалық байланысты дамытуды дәйекті түрде қолдайды. 21 сәуірде Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған делегация Кабулға барады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қазақстан #Ауғанстан #көмекPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz