Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті
Қазақстан Ауғанстанға 36 гуманитарлық көмек вагонын жіберді.
Президент тапсырмасымен жолданған көмек Балх провинциясындағы Хайратон станциясында ауған тарапына табысталды. Жалпы көлемі 2,2 мың тонна жүк теміржолмен жеткізілді. Онда азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар бар. Ал дәрілік заттары бар гуманитарлық көмектің бір бөлігі ұшақпен жіберіледі. Қазақстанның Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасовтың айтуынша Қазақстан екі ел арасындағы достық, сауда-экономикалық байланысты дамытуды дәйекті түрде қолдайды. 21 сәуірде Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған делегация Кабулға барады.