Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Әсіресе энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Люксембург #ТоқаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz