Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Пәкістанға барды. Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты.
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды. Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті. Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Тегтер #президент #Пәкістан #сапар #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz