Президент Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Пәкістанға барды. Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты.

Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды. Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті. Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.