RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Аустрияның үкімет мүшелерін қабылдады

06.05.2026, 17:52 337

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, елімізге министрлермен бірге іскерлік орта өкілдерінің келуі маңызды екенін атап өтті. 

Аустрия – Қазақстанның сенімді әрі бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі. Аустрияның Қазақстан экономикасына құйған инвестициялары 3 миллиард доллардан асты, сондай-ақ сауда айналымының көлемі ұлғайып келеді. Президент екі елдің салалық министрліктері мен ведомстволары арасындағы ықпалдастықтың жандануын құптады. Мемлекет басшысы заманауи сын-қатерлердің трансшекаралық сипаты ұлғайып бара жатқанына тоқталып, осы орайда құқық қорғау органдарының өзара байланыстарын тереңдету қажет екенін айтты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz