Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті ұлттық мереке – Конституция күнімен құттықтады. Аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Президент сондай-ақ достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.
Тегтер #президент #Дания #жеделхат #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz