Президент Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті ұлттық мереке Конституция күнімен құттықтады. Аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Президент сондай-ақ достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.