Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады.
Мемлекет басшысына 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы мәлімет берілді. Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ашық әрі барлық қатысушыға тең жағдай жасау арқылы өткізу қажеттігіне баса назар аударды.
Тегтер #президент #Орталық сайлау комиссиясы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz