Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Қазақстанның волонтерлік бастамаларын дәйекті түрде қолдағаны және Астанада өтіп жатқан ТМД волонтерлер форумына қатысқаны үшін Тойли Курбановқа ризашылығын білдірді.
Президент Қазақстан волонтерлік қозғалысты дамытуға ерекше ден қойып отырғанын атап өтті. Бұған еліміздің 2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан қолдау тапқан орнықты даму жолындағы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялау жөніндегі ұсынысы дәлел бола алады.
– Біз еріктілікті мемлекеттік саясат тұрғысынан алғанда, шынайы патриотизмнің және жастарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көрінісі ретінде қарастырамыз. Менің бастамаммен жаңа Конституцияға волонтерлік қағидалары енгізілді. Онда волонтерлік қызметті ынталандыру алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді, – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда Халықаралық еріктілер жылы аясында мыңнан астам іс-шара өтуде, елімізде волонтерлер саны 300 мыңға жақындады.
Волонтерлік қозғалыстың 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Волонтердің цифрлық паспорты енгізіліп, мемлекеттік қолдау тетіктері мен өңірлік инфрақұрылым жетілдірілуде.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz