Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысымы жоғары аймақтың ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен құрғақ, бұлтсыз және жауын-шашынсыз болады.
Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен қатар қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.
Елдің басым бөлігінде жаздағыдай жылы күндер күтіледі. Алайда шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі ауа температурасы салқын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Тегтер #ауа райы #Қазгидромет #жауын шашын #бұлт #найзағай #жаңбырPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz