Үндістанда БРИКС саммиті аясында өткен келіссөз барысында энергетика, көлік-логистика, ақпараттық технология және ауыл шаруашылығы салаларында табысты іске асып жатқан ірі инвестициялық жобалар талқыланды.
Тараптар аталған бастамалар экономикалық ықпалдастықты жандандырып, өзара сауда-саттық көлемін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. «Алдағы уақытта да бірлескен жұмысты ілгерілету үшін күш жұмылдыра береміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға жылы лебізін жолдап, елге сапармен келуін күтетінін айтты.
Тегтер #Мемлекет басшысы #XVIII БРИКС саммиті #тақ мұрагері #президентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz