Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті

Үндістанда БРИКС саммиті аясында өткен келіссөз барысында энергетика, көлік-логистика, ақпараттық технология және ауыл шаруашылығы салаларында табысты іске асып жатқан ірі инвестициялық жобалар талқыланды.

Тараптар аталған бастамалар экономикалық ықпалдастықты жандандырып, өзара сауда-саттық көлемін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. «Алдағы уақытта да бірлескен жұмысты ілгерілету үшін күш жұмылдыра береміз»,   деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға жылы лебізін жолдап, елге сапармен келуін күтетінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз: