Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды 24KZ.
Кеңестің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастықта қарастыру қажеттігін атап өтті.
Отырыста киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды. Президент осы салалардағы басымдықтарды белгілеп, «Заң мен тәртіп» қағидатын негізгі бағдар ретінде атады.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Қауіпсіздік кеңесі #кеңесPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz