Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кеңесін өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды 24KZ.

Кеңестің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастықта қарастыру қажеттігін атап өтті.

Отырыста киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды. Президент осы салалардағы басымдықтарды белгілеп, «Заң мен тәртіп» қағидатын негізгі бағдар ретінде атады.

Сондай-ақ оқыңыз: