1–3 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Жаңбыр жауады, елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, жел күшейеді.
Елдің батысында ауа температурасы түнде -1…-6°С-қа дейін, күндіз +3…+8°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25°С-тан +5…+15°С-қа дейін төмендейді.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының негізгі фоны +13…+23°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С, таулы аймақтарда +10…+15°С болады.
Тегтер #24KZ #ауа райы болжамы #синоптиктер #ҚазгидрометPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz