1–3 қазанға арналған ауа райы болжамы

kazhydromet.kz

1–3 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Жаңбыр жауады, елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, жел күшейеді.

Елдің батысында ауа температурасы түнде -1…-6°С-қа дейін, күндіз +3…+8°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25°С-тан +5…+15°С-қа дейін төмендейді.

Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының негізгі фоны +13…+23°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С, таулы аймақтарда +10…+15°С болады.

Сондай-ақ оқыңыз: