RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

03.10.2026, 13:00 41

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёңге құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы корей халқының бай тарихи-мәдени мұрасын,  ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын айтулы күннің маңызына айрықша тоқталды. Сонымен қатар жақында Сеулге жасаған сапары барысында екі жақты стратегиялық серіктестік нығайғанын және бұл шешім қазақ-корей ықпалдастығын өрістете беретініне сенім білдірді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz