Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёңге құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы корей халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын айтулы күннің маңызына айрықша тоқталды. Сонымен қатар жақында Сеулге жасаған сапары барысында екі жақты стратегиялық серіктестік нығайғанын және бұл шешім қазақ-корей ықпалдастығын өрістете беретініне сенім білдірді.