Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді.
ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазір цифрландырудың ролі артып, жасанды зерде мен суперинтеллектіні қолдану аясы кеңейгеніне назар аударды. "Жаңа технологияларды игеріп, төл әзірлемелерді енгізу ТМД елдері экономикасының бәсекеге қабілетін айқындайтын негізгі фактор болады", - деді. Сондай-ақ Президент келер жылдың алғашқы тоқсанында Астанада сала мамандарының ТМД аясындағы арнайы форумын өткізуді ұсынды.
Тегтер #Тоқаев #жасанды интеллект жылы #24KZ #ТМДPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz