Қ. Тоқаев ЖИ саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді

Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді.

ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазір цифрландырудың ролі артып, жасанды зерде мен суперинтеллектіні қолдану аясы кеңейгеніне назар аударды. "Жаңа технологияларды игеріп, төл әзірлемелерді енгізу ТМД елдері экономикасының бәсекеге қабілетін айқындайтын негізгі фактор болады", - деді. Сондай-ақ Президент келер жылдың алғашқы тоқсанында Астанада сала мамандарының ТМД аясындағы арнайы форумын өткізуді ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз: