28 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Қар, боран және көктайғақ: Астана қаласында, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында күтіледі. Кейбір аудандарда қалың қар жауып, боран соғады.
Дауылды жел: еліміздің бірқатар өңірінде жел екпіні 23–29 м/с-қа дейін жетеді. Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.
Тұман: Алматы, Шымкент, Түркістан, Қонаев қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау және басқа да облыстардың жекелеген аудандарында күтіледі.
Тегтер #ауа райы болжамы #синоптиктер #Қазгидромет #ТЖМPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz