Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Сурет ЖИ көмегімен жасалған

28 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Қар, боран және көктайғақ: Астана қаласында, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында күтіледі. Кейбір аудандарда қалың қар жауып, боран соғады.

Дауылды жел: еліміздің бірқатар өңірінде жел екпіні 23–29 м/с-қа дейін жетеді. Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.

Тұман: Алматы, Шымкент, Түркістан, Қонаев қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау және басқа да облыстардың жекелеген аудандарында күтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: