RU
Толық нұсқаға өту

Елордада мұғалімдерге арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

01.03.2025, 16:16 504

Елордада мұғалімдерге арналған «Ыбырай Алтынсарин педагогикасы және рухани құндылықтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.

Оған елдің жеті өңірінен 300-ге тарта педагог қатысты. Шара аясында Ыбырай Алтынсарин бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Сондай-ақ ұлы ағартушының құрметіне көшпелі көрме ұйымдастырылды. Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайында сақталған суреттер көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар өз ғылыми жобаларын жан-жақты қорғап, Алтынсарин мұрасын жалғастыру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Берікболсын Кемелбек, Ы.Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейінің директоры:

- Ыбырай Алтынсарин педагогикасы және рухани құндылық. Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық» кітабында айтып өткен оқу мен білімнің маңыздылығын түсіндіріп өткен. Қазіргі күнге дейін біздің ұрпаққа рухани құндылықтарды беру барысында біздің міндетіміз – оны әрі қарай жалғастыру.

Күлай Хиналхан, Ы.Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

- Ыбырайдың адами болмысы деген тақырыпты ұсынып отырмын өзім. Сол тақырып төңірегінде сөйлеймін. Біз балаларға Ы.Алтынсариннің әңгімелерін және өлеңдерін оқытамыз. Ал жалпы адами болмыс тұрғысынан қарамаймыз. Қазіргі замандағы ең маңызды құндылық адам. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz