Елордада мұғалімдерге арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Елордада мұғалімдерге арналған «Ыбырай Алтынсарин педагогикасы және рухани құндылықтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.
Оған елдің жеті өңірінен 300-ге тарта педагог қатысты. Шара аясында Ыбырай Алтынсарин бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Сондай-ақ ұлы ағартушының құрметіне көшпелі көрме ұйымдастырылды. Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайында сақталған суреттер көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар өз ғылыми жобаларын жан-жақты қорғап, Алтынсарин мұрасын жалғастыру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.
Берікболсын Кемелбек, Ы.Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейінің директоры:
- Ыбырай Алтынсарин педагогикасы және рухани құндылық. Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық» кітабында айтып өткен оқу мен білімнің маңыздылығын түсіндіріп өткен. Қазіргі күнге дейін біздің ұрпаққа рухани құндылықтарды беру барысында біздің міндетіміз – оны әрі қарай жалғастыру.
Күлай Хиналхан, Ы.Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
- Ыбырайдың адами болмысы деген тақырыпты ұсынып отырмын өзім. Сол тақырып төңірегінде сөйлеймін. Біз балаларға Ы.Алтынсариннің әңгімелерін және өлеңдерін оқытамыз. Ал жалпы адами болмыс тұрғысынан қарамаймыз. Қазіргі замандағы ең маңызды құндылық – адам.