Астанада ауыл балаларына арналған олимпиада өтті. Онда оқу озаттары жаратылыстану-математика бағытында бақ сынады. Бас-аяғы 475 оқушы қатысып, 200 медаль сарапқа салынды.
Сондай-ақ жеңімпаздарға бес ректорлық грант берілді. Білім бәйгесінде маңғыстаулық команда гран-при иегері атанып, топ жарды. Ал алматылық оқушылар бірінші орынға жайғасты. Атырау мен Ақмола облыстарынан келген командалар екінші орынды місе тұтты. Үздік үштікті Қызылорда мен Батыс Қазақстан облысының құрамалары қорытындылады.
Тегтер #Олимпиада #Астана #жеңімпаздар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz