Air Astana әуе компаниясының рейстері Франкфурт әуежайының жаңа 3-ші терминалынан қабылданып, жөнелтіле бастады, деп хабарлайды «24KZ».
Әуе компаниясының тіркеу орындары, өздігінен тіркеу киоскілері және жолжүк тапсыру пункттері 34-аймақта орналасқан. Бизнес-класс жолаушылары мен Nomad Club бағдарламасының жоғары деңгейлі қатысушылары үшін 5-қабатта орналасқан бизнес-зал қарастырылған.
Көктемгі-жазғы навигация кезеңінде Франкфурт бағыты бойынша рейстер жиілігі артты. Астана – Франкфурт рейстері күн сайын орындалады. Алматы – Франкфурт бағыты аптасына үш рет (дүйсенбі, бейсенбі, сенбі) жүзеге асады. Сондай-ақ Орал – Франкфурт рейстері аптасына бір рет жалғасады.
Терминал 3 жолаушыларға өздігінен қызмет көрсетуге арналған заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Әуежай әкімшілігі жолаушыларға рәсімдерге алдын ала келіп, қосымша уақыт қарастыруды ұсынады.
Тегтер #әуежай #Франкфурт #рейстер #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz