Енді Астана – Франкфурт бағыты бойынша ұшақтар күн сайын қатынайды

Фото: depositphotos.com

Air Astana әуе компаниясының рейстері Франкфурт әуежайының  жаңа 3-ші терминалынан қабылданып, жөнелтіле бастады, деп хабарлайды «24KZ».

Әуе компаниясының тіркеу орындары, өздігінен тіркеу киоскілері және жолжүк тапсыру пункттері 34-аймақта орналасқан. Бизнес-класс жолаушылары мен Nomad Club бағдарламасының жоғары деңгейлі қатысушылары үшін 5-қабатта орналасқан бизнес-зал қарастырылған.

Көктемгі-жазғы навигация кезеңінде Франкфурт бағыты бойынша рейстер жиілігі артты. Астана – Франкфурт рейстері күн сайын орындалады. Алматы – Франкфурт бағыты аптасына үш рет (дүйсенбі, бейсенбі, сенбі) жүзеге асады. Сондай-ақ Орал – Франкфурт рейстері аптасына бір рет жалғасады.

Терминал 3 жолаушыларға өздігінен қызмет көрсетуге арналған заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Әуежай әкімшілігі жолаушыларға рәсімдерге алдын ала келіп, қосымша уақыт қарастыруды ұсынады.