RU
Толық нұсқаға өту

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

01.04.2025, 19:38 538

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында 700-дей науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды.

Бұл кемшілікті арнайы тексеріс жүргізген аудандық прокуратура анықтады. Түрлі диагнозбен есепте тұрғандар өздеріне тиесілі препараттарға қол жеткізе алмаған. Тек құзырлы орган өкілдерінің араласуынан кейін тұрғындардың құқығы қорғалып, дәрі-дәрмекке алдын ала тапсырыс берілген. 

Ернат Мақсотов, БҚО прокурорының аға көмекшісі:

- Бөлінген ақша жетпей қалған. Сол себепті 700-дей адам дәрі-дәрмекті уақытылы алмаған екен. Ал прокуратураның  қадағалау актісінен кейін аудандық аурухана денсаулық сақтау басқармасынан ақшалай қаражат сұратқан болатын. Қазір азаматтарға дәрі-дәрмек толықтай жеткізілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz