Әлемді обыр жайлап жатса, біздің елдегі жағдай қандай деген сұрақ туындайды. Айтайық.
Қазір бізде 230 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан. Денсаулық сақтау министрлігі: «Әсіресе, экологиялық ахуалы нашар өңірлердегі көрсеткіш алаңдатарлық», - дейді.
Бүгінде Алматыда 34 мың адам обыр дертімен күресіп жатыр. Екінші орында Қарағанды өңірі тұр. Мұнда 21 мың адам есепке алынды. Тізімді Астана түйіндейді. Мегаполисте 16 мың науқас бар. Жалпы елдегі қалаларда өмір сүретін 100 мың адамның 240-қа жуығында қатерлі ісік анықталған. Ал ауылда 100 мың адамға шаққанда 147 науқастан анықталды.
Тегтер #обыр #қатерлі ісік #Денсаулық сақтау министрлігі #экологиялық ахуал #Таңдаулы #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz