«Жасыл аула» экологиялық акция аясында елде 17 мың түп ағаш отырғызылды, деп хабарлайды 24kz.
Акция Қазақстанның оңтүстігі мен батыс өңірлерінде өткізілген. Іс-шара мақсаты – көппәтерлі тұрғын үй аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру. Оған 50 мыңға жуық үй тұрғыны, коммуналдық шаруашылы өкілдері мен еріктілер жұмылдырылды. Аулаларға ағаш көшеттерімен бірге бұталар және сәндік өсімдіктер егілген. Сондай-ақ гүлзарлар орнатылып, демалыс аумақтары жаңартылды. Жалпы «Жасыл аула» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында қолға алынған.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендерде 15 млн түп ағашын егуді тапсырған еді.
Азамат Әбуов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басқарма басшысы:
- Қазіргі таңда әкімдіктермен 14,2 млн түп ағашы отырғызылған. Сонымен қатар 2025 жылдың аяғына дейін 17 млн ағаш отырғызуға жоспарлап отырмыз. Негізі ең көп ағаш егілген аймақтар, ол – біздің қалалар. Астана, Алматы, Шымкент қалалары қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Өйткені елді мекеннің аумағы үлкен болғандықтан және қаражат қарастырылған. Басқа өңірлерде де жұмыс жүргізіліп жатыр.
Тегтер #Жасыл аула #Экоакция #көгалдандыру #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz