Петропавлдық белсенділер Жеңіс күні қарсаңында ерекше бастаманы қолға алды, деп хабарлайды 24KZ. Олар Кеңес Одағының Батыры Виктор Булавскийдің атындағы көшені қоқыстан тазалады.
Экологиялық шараға 30-дан аса адам қатысты. Осылайша белсенділер қан майданда шейіт болған жауынгерге құрмет көрсетіп, қала тұрғындарын тазалыққа шақырды.
Мирас Назаров, «AMANAT» партиясы СҚОФ саяси жұмыс бөлімінің консультанты:
- Бұл шара – ардагерлерге құрметпен қарау. Болашақ ұрпақты тәрбие көрсету ретінде ұйымдастырылып жатыр. Мұндай шара жұма сайын өткізіліп жатады ұлттық «Ұрпақ мұрасы» акциясы шеңберінде.
Тегтер #Петропавл #Жеңіс күні #24KZ #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz