Белсенді жастар Шоқан Уәлиханов, Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтің мүсінін тазалап, айналасын ретке келтірді, деп хабарлайды 24kz.
Экологиялық шара халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналды. Акцияға 30-ға жуық волонтёр қатысты. Олар апта сайын осындай акция өткізбек. Қазір облыс орталығында 200-ге тарта ескерткіш бар.
Дидар Хамзин, волонтёр:
- Жалпы волонтерлер үшін ең бірінші, әрине, өзіміздің туып өскен жерімізді, өзіміздің өлкемізді қоқыстан тазалау. Бүгінгі күннің мерекенің өзінің жалпы мақсаты – халықаралық тарихи обьектілерді, яғни, бұрынғы өзіміздің мәдени мұраларымызды сақтау және жастарға, өскелең ұрпаққа тарихи нысандар болсын, сакралды обьектілердің мән маңызын жеткізу.
Тегтер #Көкшетау #Таза Қазақстан #ескерткіштер #абаттандыру #ЕріктілерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz