Ақтауда жастарға арналған саябақта сенбілік шарасы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Оған мыңға жуық студент қатысты. Олар аумақты қоқыстан тазалап, көгалдандырды.
Былтыр ашылған демалыс орнында қазір 4 мың ағаш өсіп тұр. Енді жасыл желек қоры 150 тал көшетімен толықты. Кезекті тазалық шарасы қала жағажайында өткізіледі.
Ділназ Атажан, студент:
- Кез келген жас буын ең алдымен осындай қоқысты элементарно үйден сұрыптап бастау керек деп ойлаймын. Пластикті бөлек, макулатураны бөлек және де органикалық қалдықтарды бөлек-бөлек жинауымыз керек. Солай арқылы біз тіпті полигондарды да азайта аламыз. Осы арқылы біз өзіміздің кішкене болсын табиғатымызды, өзіміздің экологиямызды таза ұстай аламыз.
Тегтер #Ақтау #студенттер #тазалық акциясы #Таза Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz