Келер жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының қоршаған ортаға тигізер залалы көп.
The Independent басылымы осындай мақала жариялады. Онда эколог мамандардың бірқатар зерттеуі ұсынылған. Доп додасында ауаға тарайтын зиянды бөлшектердің мөлшері 1 жыл ішінде 6,5 миллион жеңіл көліктен шығатын көмірқышқыл газына тең екен. Чемпионат матчтарының саны 100-ден асады. Қатысушы командалар саны 32-ден 48-ге дейін көбейді. Сарапшылар қоршаған ортаға келер залалды ұшақ сапарларының, көлік қозғалысының көбейетінімен байланыстырады.
Тегтер #футбол #әлем чемпионаты #климат #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz