RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Астанада жаңбыр, Шымкентте +25: үш мегаполисте ауа райы қандай болады?

07.10.2026, 17:16 50

Алдағы күндері еліміздің ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Астанада жаңбыр жауып, жел күшейсе, Алматыда ауа температурасы +21, Шымкентте +25 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК  мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Астана

8 қазанда Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге, түнде және таңертең кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +11+13 градус болады.

9 қазанда да жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +3+5, күндіз +8+10 градус болады.

10 қазанда жауын-шашын тоқтайды. Түнде ауа температурасы -1-3, күндіз +9+11 градус болады.

Алматы

Алматыда 8-10 қазанда жауын-шашын күтілмейді. 8 қазанда ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +17+19 градус болады.

9-10 қазанда күндіз ауа температурасы +19+21 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкент

Шымкентте де 8-10 қазанда жауын-шашын болмайды. 8 қазанда күндіз ауа температурасы +21+23 градус болады.

9 қазанда ауа температурасы +22+24 градусқа дейін көтерілсе, 10 қазанда күндіз +23+25 градус жылы болады.

 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz