Астанада жаңбыр, Шымкентте +25: үш мегаполисте ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері еліміздің ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Астанада жаңбыр жауып, жел күшейсе, Алматыда ауа температурасы +21, Шымкентте +25 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Астана
8 қазанда Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге, түнде және таңертең кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +11+13 градус болады.
9 қазанда да жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +3+5, күндіз +8+10 градус болады.
10 қазанда жауын-шашын тоқтайды. Түнде ауа температурасы -1-3, күндіз +9+11 градус болады.
Алматы
Алматыда 8-10 қазанда жауын-шашын күтілмейді. 8 қазанда ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +17+19 градус болады.
9-10 қазанда күндіз ауа температурасы +19+21 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкент
Шымкентте де 8-10 қазанда жауын-шашын болмайды. 8 қазанда күндіз ауа температурасы +21+23 градус болады.
9 қазанда ауа температурасы +22+24 градусқа дейін көтерілсе, 10 қазанда күндіз +23+25 градус жылы болады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз