RU
Толық нұсқаға өту

Азияның қор нарығы құлдырады

07.04.2025, 10:55 658

Оған Дональд Трамптың импорттық тауарларға баж салығын енгізуі себеп, деп хабарлайды 24kz.

Бүгін Жапонияның жетекші 225 компаниясын қамтитын Nikkei 225 индексі 8% арзандады.

Оңтүстік Кореяның Kospi шамамен 5%-ке төмендеді. Жағдайдың күрт нашарлауына байланысты сауда-саттықты бірнеше минутқа тоқтатуға тура келді. Гонконг биржасының негізгі индексі AHI 9%-ке, Ал Тайваньдағы TAIEX шамамен 10%-ке құлдырады. Бұл жыл басынан бері болмаған ең төменгі көрсеткіштер. Инвесторлар жаһандық сауда соғысынан қорқып отыр. «Қор нарығындағы дүрбелеңге сол себеп», - дейді сарапшылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz