2029 жылға қарай Қазақстан арқылы жүк тасымалы көлемі екі есе ұлғаяды, деп хабарлайды 24kz.
Үкімет алға осындай жоспар қойып отыр. Ол үшін бірден бірнеше маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылмақ. Олардың арасында Бақты – Аягөз темір жолының және Сексеуіл – Бейнеу автожолының жаңа учаскелері бар. Келер жылы Smart Cargo кедендік және логистикалық қызметтердің бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ ұлттық әуе жүк тасымалдаушы компаниясы іске қосылады.
Тегтер #жүк тасымалы #логистика #Қазақстан #инфрақұрылымдық жобаларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz