2029 жылға қарай Қазақстан арқылы жүк тасымалы көлемі екі есе артады

2029 жылға қарай Қазақстан арқылы жүк тасымалы көлемі екі есе ұлғаяды, деп хабарлайды 24kz.

Үкімет алға осындай жоспар қойып отыр. Ол үшін бірден бірнеше маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылмақ. Олардың арасында БақтыАягөз темір жолының және СексеуілБейнеу автожолының жаңа учаскелері бар. Келер жылы Smart Cargo кедендік және логистикалық қызметтердің бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ ұлттық әуе жүк тасымалдаушы компаниясы іске қосылады.