Өткен жылдың қорытынды есебі бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі 200 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Сыртқы істер министр Ермек Көшербаев мәлімдеді.
Астанада екі елдің Сыртқы істер министрлері бас қосты. Тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Соның ішінде сауда көлемін ұлғайту, инвестиция, өнеркәсіп, жасанды интеллект пен цифрландыру саласына басымдық беру көзделген.
Сондай-ақ алдағы уақытта Алматыда Беларусь мемлекетінің Бас консулдығы ашылады.
Тегтер #Қазақстан #Беларусь #тауар айналымы #сауда саттық #долларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz