Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 30 пайызға ұлғайды

Өткен жылдың қорытынды есебі бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі 200 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Сыртқы істер министр Ермек Көшербаев мәлімдеді. 

Астанада екі елдің Сыртқы істер министрлері бас қосты. Тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Соның ішінде сауда көлемін ұлғайту, инвестиция, өнеркәсіп, жасанды интеллект пен цифрландыру саласына басымдық беру көзделген.

Сондай-ақ алдағы уақытта Алматыда Беларусь мемлекетінің Бас консулдығы ашылады.